KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының кокс химия өндірісінде апат болды

26.06.2013, 18:00 290


«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының кокс химия өндірісінде апат болды. Оқиға сағат 16:00 шамасында орын алды. Нақтырақ айтсақ, өндірістің түтін шығаратын құбыры опырылған , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі 24 kz телеарнасына сілтеме жасап.


Оның диаметрі – 11, биіктігі 90 метр.

Вадим БАСИН, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жұмыстары бойынша атқарушы директордың орынбасары:

- Дәл мұндай апат бұрын-соңды болған емес. Қауіпті жағдай орын алуы мүмкін еді. Төтенше жағдайдан кейін өндіріс орнын қалпына келтіру үшін біраз күш жұмсалатын болар.

Апат салдарынан кокс газының 2 мың миллиметрлік құбырына зақым келіп, газы жанып кеткен. Қазір тек 3-4 кокс батареялары ғана жұмыс істеп тұр. Сағат 22:00 қарай өрт сөндірушілердің көмегімен жалын толық ауыздықталды. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себеп-салдары әлі белгісіз. Апат орнына ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған бір топ атқамінерлер барды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив