KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 2 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

«Қазақстан Барысы» байқауы тікелей эфирде көрсетіледі

26.06.2013, 18:00 121


Еліміздегі ең мықты түйепалуандар бақ сынасатын «Қазақстан Барысы» байқауын биыл 30-дан астам ел тікелей эфирде көреді. Бұл жөнінде Астанада өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ел спортының тізгінін ұстаған мамандар бұл жолғы доданың жүлде қоры да ауқымды болатынын ескертті. Ұлттық күрес түрінен өткізілетін республикалық турнир осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылғалы отыр. 100 мыңнан астам палуаннан іріктелген 32 үміткер Сарыарқа төрінде белдеседі. Олардың арасында өткен жылғы жеңімпаз жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев та бар. Сонымен қатар жарыстың талаптары да күшейген. Мәселен, сынға келген әр балуанның салмағы 80 келіден ауыр болуы тиіс.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсият Қанағатовтың айтуынша, жобаның сапасы да, бұқаралық белсенділігі де жылдан-жылға артып келеді. Алдағы уақытта қазақ күресінің деңгейін көтеру мақсатында басқа да тың жобалар қолға алынбақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив