Бекітілген кестелерге сәйкес мобильдік ХҚКО инспекторлары 21 елді мекенді аралап шықты. ХҚКО түрлі бағыттар бойынша азаматтардан жалпы 43 құжат қабылдап, олардың 28 иелеріне табысталды.
Атқарылған жұмыстарды талдай отырып, Зырян ауданының ауылдарында консультативтік сипаттағы қызметтер жалпыға түсінікті деуге болады. Тұрғындардың басым бөлігі құжаттарды рәсімдеу кезінде қиындықтар көреді. Көбінің жылжымайтын мүлікке құжаттары жоқ. Мобильдік ХҚКО қызметкерлері жылжымайтын мүліктің құжаттарын рәсімдеу тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Зырян ауданының кейбір елді мекендерінде көше атауы мен үйлердің нөмірі жоқ. Осыған байланысты ХҚКО қызметкерлері көмек беруде жұмыстар жүргізіп жатыр.Тұрғындардан қажетті құжаттар қабылданды,оларға енді аудан орталығына барудың қажеті жоқ.
Зырян ауданындағы мобильдік ХҚКО жұмысы шалғай жатқан ауылдардың тұрғындарына ҚР заңнамасына сәйкес құжаттарын рәсімдеулеріне және мемлекеттік ұйымдардың қызметі туралы маңызды және толық ақпарат алуларына мүмкіндік береді.
ШҚО ақпараттық орталығы