KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
450.79 482.21 5.05

Қытайлықтар Шығыс Қазақстанмен байланыстарды дамытуға аса мүдделі

6.06.2013, 18:00 148


Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Жасыл экономика – дамудың стратегиялық бағыты» халықаралық экологиялық форумы аясында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Ли мырзаны қабылдады. Бұл – Қытай елшісінің Шығыс Қазақстанға жасап отырған тұңғыш сапары , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде Қытайдың алар орны ерекше.

Өткен жылы облысымыз бен Қытай арасындағы сауда айналы-мының көлемі 1138 миллион долларды құраған. Бұл – облысқа тиесілі жалпы сыртқы сауда айналымы көлемінің бестен бір бөлігі. Былтыр Шығыс Қазақстан Қытайға 891 миллион доллардың тауарын өткізіп, аталған елден 247 миллион доллардың өнімін сатып алған.

– Біздің облыс Қытаймен шектесіп жатыр, шекараның жалпы қашықтығы – бір мың шақырым. Осы шекара бойында Бақты және Майқапшағай кеден бекеттері бар. Сол бекеттерден еліміздің азаматтарына бір күнге визасыз өтуге мүмкіндік берілген. Бұл қадам экономикалық әрі мәдени байланыстардың нығаюына септігін тигізуде. Соның айғағы – облысымызда 43 біріккен қытай-қазақ кәсіпорны құрылып, жұмыс істеп жатыр. Шығыс Қазақстан мен Қытайдың арасындағы тауар айналымы жылдан-жылға артып келеді, білім саласындағы қарым-қатынастарымыз да қарқынды дамуда, – деген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев елшіге аймағымызға жасаған ресми сапары үшін алғысын білдіріп, оның дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.

Аймақ басшысының арнайы ша-қыртуымен келген елші өз сөзінде қазіргі кезде Қазақстан мен Қытай-дың саяси-экономикалық қарым-қатынасы өрлеу кезеңін басынан кешіріп жатқанын жеткізді.

– Біз Шығыс Қазақстан облысымен байланыстарымыздың әрі қарай да дамуына аса мүдделіміз. Өңірлеріңіз біздің негізгі серіктесіміз болып табылады және солай болып қала бермек, сонымен қатар, облыстың транзиттік әлеуеті де жоғары, – деп атап өтті елші.

Қытай – еліміздің ғана емес, сондай-ақ, облысымыздың да Ресейден кейінгі екінші ірі сауда серіктесі. Әсіресе, Шығыс Қазақстан мен Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданының Тарбағатай және Алтай округтерімен тығыз ынтымақтастық орнаған. Айталық, Тарбағатай округі Алакөл жағасында қонақүйлер салу үшін инвестиция құюға ниет білдіріп отыр. Сонымен қатар, қазіргі кезде «Черемшанка» құс фабрикасын жандандыру жөнінде Қытай тарапымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ұлан ауданындағы Тайынты жел электр стансасын салуға да Қытай инвестициясын, яғни, шамамен 50 миллион американ доллары мөлшерінде қаржы тарту көзделуде. Тағы бір атап өтерлік жайт, қытайлар «Азия Авто» зауытынан шығарылған көліктерді, әсіресе, жол талғамайтын «Ниваларды» сатып алуға ниетті.

Облыс кәсіпкерлері жаңа әріп-тестер табу, келіссөздер жүргізу мақсатымен жыл сайын Үрімші қаласында өтетін «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесіне белсене қатысып келеді. Бүгінгі таңда аймағымыздағы «Пасека» шаруа қожалығы Шәуешек қаласында бал сататын орталық ашуды жоспарлап отыр. Мұнымен қоса, облыс басшылығы отандық авиакомпаниялармен Өскемен – Үрімші бағытында әуе рейсін ашу жөнінде жұмыс істеп жатыр.

Кездесу барысында облыс әкімі мен Қытай елшісі қос тараптың алдында тұрған қазіргі міндеттер – осы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, алыс-берістерді көбейту, кәсіпорындар туралы ақпараттармен алмасу, кедендік құжаттардың рәсімделуін бір ретке келтіру екенін атап көрсетті.

Ержан Әбіш

Суретті түсірген Е.Орынбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив