KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
450.79 482.21 5.05

Медицина қызметкерлері ертең жарыс жолына шығады

5.06.2013, 18:00 186


Өскемен қаласында медицина қызметкерлерінің төл мерекесін тойлап өту мақсатында медицина қызметкерлерінің дәстүрлі спартакиадасы өткізіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шара «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Өскемен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен қолға алынып отыр.

Комсомол аралының спорт алаңдарында 7-маусым күні облыстың 17 емдеу-алдын алу ұйымынан 200-ден астам дәрігер маман жарысқа шығады.

Бұл жолы ақ халатты жандар спорттың бес түрінен күштерін сынасып көрмек. Олар мини-футбол ойнап, 100 метрлік қашықтыққа жүгіреді, гір көтеріп, қол күрестіреді, сосын арқан тарту сайысында бақтарын сынайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив