KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Шығыс Қазақстанда жалған терроризм қылмысы бойынша 6 адам бас бостандығынан айырылды

3.06.2013, 18:00 128


Өткен жылы ШҚО сот орындары 9 адамды жалған терроризм фактісі бойынша жауапқа тартты. Олардың 6-уы бас бостандығынан айырылып, олардан мемлекетке 1,7 млн. теңге өндірілді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей көлік прокуратурасының мәліметтеріне сүйеніп.

Құзырлы органның деректері бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінде көрсетілгендей, терроризм актісі туралы әдейі жалған ақпарат танытқан адамға 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Құқыққорғау орындарында арнайы бөлімшелер жасақталып, олар осындай қылмыстарды ашу үшін қажетті заманауи құралдармен жабдықталған деп түсіндірді ведомствода.

Құқыққорғаушылардың пікірінше, жалған терроризм фактілері арнайы қызметтердің жұмысын ақсатып , қыруар қаражатты шығындағанмен қоса , тұрғындар арасында қоғамдық резонанс тудырып, өңірдегі әлеуметтік ахуалды шиеленістіреді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив