KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Дін мәселелерін жұртқа түсіндірді

28.10.2012, 18:00 129


Бүгін Шығыс Қазақстанда республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері дін мәселелері бойынша өз жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Топ құрамына Дін істері агенттігінің қызметкерлері, Халықаралық мәдени және діни орталықтар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдары кіріп отыр. Ақпараттық-насихаттық топтың жұмыс жоспарында көптеген келелі кездесулер қарастырылған. Қарашаның екісіне дейін топ мүшелері 40-тан астам кездесу ұйымдастырмақ. Жоспарда дәстүрлі емес діни ағымдарға тап болған, діни экстремизм және терроризм қылмыстарымен сотты болған адамдармен кездесулер ұйымдастырылады.

Топтың негізгі мақсаты осы салаға байланысты заңдармен қатар, конфессияаралық қатынастардың мемлекеттік саясатын, діни ағымдардың негізін жұртқа жан-жақты түсіндіру.

Алғашқы кездесулер кеше С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Қазақстан-американ еркін университеттерінде жалғасты. Кездесу барысында жастардың дінге деген көзқарастары, ой-пікірлері тыңдалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив