KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстанның бірнеше индустриялық жобасының тұсауы Мемлекет басшысының қатысуымен кесіледі

30.05.2013, 18:00 94


Шілде айының 1–5 аралығында Астанада индустриялық жобалардың тұсаукесеріне арналған Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін телекөпірде Шығыс Қазақстаннан бірнеше жобаның тұсаукесер рәсімі көрсетілмек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алдын ала жоспарланып отырғандай, телекөпірде Ұлан ауданындағы, «Айтас ШК» ЖШС (негізгі жоба ретінде алынып отыр) мен шараға қатыстырылатын қосымша жоба ретінде белгіленген Семейдегі «Аlina pro» ЖШС мен Өскемендегі «KAZAKHSTAN SOLAR SILICON» ЖШС жобаларының тұсаукесерлері көрсетілмек.

Аймақтағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму мәселесіне арналған кезекті үйлестіру кеңесінде облыс әкімі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін телекөпірде көрсетілетін инвестициялық жобаларды анықтап, дайындау қажеттігін тағы да ескертті.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив