KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Несиелік қарыз жағынан Шығыс Қазақстан облыстар арасында 7 орында тұр

27.05.2013, 18:00 149


Шығыс Қазақстан облысының бір тұрғынының банк алдындағы орташа қарызы өткен жылы 49 мың теңге болса, қазір 68 мың теңгеге жеткен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстан халқы соңғы он жыл ішінде қарызға өмір сүруге бейімделіп алды. Бүгінгі таңда тұрмыстық несие алмаған тұрғындар некен-саяқ. Орташа есептегі қазақстандықтың банк алдындағы тұтынушылық қарызы бір жыл ішінде 66 мың теңгеден 94 мың теңгеге немесе 41 пайызға өсіп отыр.

Ranking.kz сарапшыларының зерттеулері бойынша, ең белсенді борышкерлер Алматы қаласында тұрады. Оңтүстік астананың жан басына шаққанда банк алдындағы орташа қарызы 400 мың теңге екен. Ал бір астаналықққа орташа есеппен140 мың теңге қарыз келеді. Үшінші орында айына 128 мың теңге несиелік қарыз төлейтін Атырау тұрғындары.

Бұл көрсеткіште шығысқазақстандықтар облыстар арасында 7 орында тұр.

Айна Ескенқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив