KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Қазақстандықтардың несие қарызы 6 триллион теңгеден асты

12.02.2019, 08:47 103

2019 жылдың басында қазақстандықтардың қаржы институттары алдындағы жиынтық несие қарызы 6 триллион теңгеден асты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бірінші несие бюросының мәліметінше, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 15 пайызға көп.  Ranking сарапшыларының айтуына қарағанда, тұтынушылар тарапынан кепілсіз тұтынушылық несиелер зор сұранысқа ие: 49,7 пайыздан 54,1 пайызға дейін өскен. Тағы бір үрдіс –  онлайн-несиелендірудің қарқынды өсуі. Аталмыш сегментке қарыздардың 2,5 пайызы кіреді, бұл 2017 жылға қарағанда 0,8 есеге көп.


Нарықтағы орташа мөлшерлеме күніне - 0,21 пайыз, жоғары мерзім - 21-ден 90 күнге дейін, сонда ең жоғары сома – 300 мың теңгені құрайды.


Жалпы онлайн несие беруді банктердің өздері де ұсынатын көрінеді. Айта кетейік, кепілсіз тұтынушылық кредиттер беретін 18 екінші деңгейдегі банктердің ішінде онлайн-қарызды төрт банк беруге дайын: Altyn Bank, Capital Bank (Алматы және Астана үшін), Kaspi Bank және Сбербанк. Осының ішінде онлайн-қарыздар бойынша ең төменгі тиімді мөлшерлемені Kaspi Bank (23,6 пайыздан), Сбербанк (26,1 пайыздан) және Capital Bank (33,2 пайыздан) ұсынады.


Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, шағын несие беру үлесі де өскен: 5,2 пайыз болды, бұрын 4,6 пайыз еді. Ал екінші деңгейлі банктердің үлес салмағы керісінше 93,2 пайыздан 92,2 пайызға дейін азайғанын айтады мамандар.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив