KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
447.25 485.18 4.96

Мәдениет үйінің сахнасында - мекеме ұжымдарының өнерпаздары

20.05.2013, 18:00 184


Көкпекті ауданы Самар мәдениет үйінің сахнасында жылдағы дәстүр бойынша әр мекеме ұжымдарының өнерпаздары сайысқа түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Самар ауылдық округі әкімінің жүлдесін сарапқа салатын биылғы байқау «Қазақстан – менің отбасым» деп аталды. Мәдени шараның негізгі мақсаты – өнер ұжымдарына қолдау көрсету.

Өткен аптада бас жүлдеден бірден-бір үміткер – Самар медициналық-санитарлық мекемесінің ұжымы өнерлерін ортаға салды. Р.Сейітқамзинаның мың бұралған биі, Р.Ахметованың әсем әндері мен А.Оразаметованың термелері көрермен қауымның зор қошеметіне ие болды.

Алдағы апталарда байқау басқа ұжымдардың концертімен жалғасатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив