KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
480.11 532.25 5.14

Жас көкпаршылардың олжасы

19.05.2013, 18:00 95


Тараз қаласында көкпардан жасөспірімдер арасында өткен республикалық ІІ чемпионатта біздің облыстың командасы үшінші орынды иемденді. Осы команданың екі мүшесі Ұлан ауданындағы Каменка орта мектебінің 11- сынып оқушылары, сәйгүлігі мықты, тақымы тастай шабандоздары Айдын Қозыбаев пен Мұрат Сүлейменов, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жас көкпаршылар чемпионатта жеңіске деген ерекше ұмтылыстарын көрсете білді. Жалпы, оқушылардың осындай жетістікке қол жеткізуіне жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап жүрген мектеп директоры Е.Ерсайыновтың еңбегі зор.

Осындай дағдының арқасында аталған мектеп оқушылары аудандық және облыстық жарыстарда үнемі жүлделі орындарды иеленуде.

Ғафура Сәрсенбайқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив