KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4 м/с, З
480.11 532.25 5.14

Аягөздің регбишілері Тараздан жүлделі оралды

16.11.2017, 09:04 123

Ауданның жас спортшылары соңғы жылдары республикалық, халықаралық жарыстарда олжа салып жүр. Мәселен, жуырда жасөспірімдер арасында регбиден Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.


Шығыс Қазақстанның намысын қорғаған жігіттеріміздің аяқалысына осы саланың мамандары жоғары баға бергенін айта кеткен ләзім. Аягөздегі Дулат Бабатайұлы атындағы орта мектептің, №1, №4, №5 мектептердің оқушылары өздерінің тыңғылықты дайындықпен келгендерін көрсете білді. Жас регбишілер Нұрдәулет Абылтаев, Ермұрат Қабдуахитов, Рүстем Бағдатов, Айдан Сәрсенғалиев, Саят Берікұлы, Ерғанат Жанатов, Нұржан Құсманов, Бекжан Қабдоллаев, Бағдәулет Сәкенов, Ернар Сейітов, Ерасыл Молдашев, Дияс Мәди, Нұрбек Қалихановтар жаттықтырушыларының айтқанын бұлжытпай орындап, тамаша ойын өрнегін көрсете білді.

Команданы Тараз қаласына бастап апарған облыстық «Қосымша білім беру және денешынықтыру» орталығының маманы Алмас Қабдығалиев болды.


Дүбірлі доданың соңынан аягөздік регбишілер ұйымдастырушылардың арнайы кубогін иеленіп, мақтау қағаздармен, медальдармен марапатталды.


-Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Астана, Ақтау сынды қалардан келген азулы командалармен сайысқа түсіп,соларға төтеп берген біздің жігіттер жарады.-дейді Алмас Қабдығалиев.


Айта кетерлігі, республикалық сайыс 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив