Мектеп бітірушілердің жалпы ҰБТ алдында онлайн-тестілеуден өтіп, өз білімдерін тағы бір рет тексеріп алулары үшін мамыр, маусым айларында А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана ақпараттық сабақтар өткізеді , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Тренингтер оқу бітірушілердің сапалы интернет-ресурстарымен танысуын, онлайн-тестілеуден өтуді қамтып, мектеп бағдарламасының 13 негізгі пәндері бойынша тест жинақтарын (қазақ тілі, орыс тілі, әдебиет, Қазақстан тарихы,дүниежүзілік тарих, математика, физика, химия, география, биология, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі), танымдық оқу құралдарын ұсынады. Тестілеу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ, тестілеудің нәтижесі мен оған кеткен уақыт мөлшерін де білуге болады.
Тренинг оқушыларға әзірлік деңгейлерін тексеруге, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік беріп, ҰБТ талаптарына психологиялық тұрғыда әзірлейді.
Кітапхана қызметкерлері пайдаланушыларға жеке кеңес беріп, қорытынды аттестациядан ойдағыдай өтуге қолдау көрсетеді.