KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,3 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Қазақстандық 9 жасар қыз шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

16.05.2013, 18:00 330


Грецияда өткен шахматтан әлем чемпионатынан қазақстандық оқушылар бір алтын, бір күміс, бір қола медальмен оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тоғыз жастағы қыздар арасында Бибісара Асаубаева әлем чемпионы атанды. Тоғыз турда 8,5 ұпай жинаған Бибісара индонезиялық құрбысынан 0,5 ұпай артық жинап, алға шықты. Бұған дейін де шахматшы қызымыз Румыния мен Бразилия өткен екі әлемдік біріншіліктен алтын алқа әкелген болатын.

Жеті жас аралығындағылардың ішінде қазақстандық Әмина Қайырбекова күміске қол жеткізді. Әлемдік біріншілікке алғаш рет қатысқан балдырған қарсыласынан 2 ұпайға артта қалды.

Он бес жастағы жасөспірімдер арасында Жанат Сайын қола жүлдені еншіледі. Бұл категория бойынша 7,5 ұпай жинаған азербайджандық Зейнали Мирадил әлем чемпионы атанды. Екінші орында Туркияның өкілі Санал Вахап .

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив