KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

Қазақстандық зілтеміршілер алтынмен апталып, күміспен күптелді

10.05.2013, 18:00 220


Қазақстандық спортшы Анастасия Швабауэр Лимада жастар арасында ауыр атлетикадан өткен әлемдік біріншілікте 75 килограмм салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Vesti.kz. сілтеме жасап.

Спортшы әлем чемпионтатында жұлқа және серпіп тартуда да жеңіске жетті. Қазақстандық зілтемірші барлығы 224 килограмм көтеріп, өзінің ең мықты қарсыласы, АҚШ спортшысынан 10 килограмм артық көрсеткішпен «алтынды» қанжығасына байлады. Қола жүлде канадалық Иоани Филиатроға бұйырды.

Бұл 19 жастағы Швабауэрдің жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. 2010 жылы Швабауэр алтыншы орынды қанағат тұтқан болатын. Анастасия сонымен қатар 2010 және 2012 жылдарда жасөспірімдер арасында өткен азиялық біріншілікте «алтын» мен «күмісті» еншілеген.

Сондай-ақ 9-мамыр күні Перуде өткен әлемдік біріншілікте Қазақстан құрамасына алғашқы медальді Жазира Жапарқұл әкелді. Ол 69 килограм салмақ дәрежесінде «күміске» қол жеткізді.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив