KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 4 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Шахматтан республикалық VII Универсиада ойындары өз мәресіне жетті

16.05.2013, 18:00 268


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде шахматтан республикалық VII Универсиада ойындары өз мәресіне жетті
, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында төрт жоғары оқу орнына жазғы Универсиаданы өткізуге мүмкіндік берілді.Үш күн көлемінде өткізілген ауқымды іс- шараға Қазақстанның түкпір- түкпірінен, атап айтсақ, Астана, Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Павлодар, Тараз, Өскемен сияқты қалалардың шахматшылары өз бағын сынады. Барлығы 14 команда қатысты.

Шахматтан республикалық  VII Универсиада ойындары өз мәресіне жеттіЖабылу салтанатына ұлттық денешынықтыру ғылыми практикалық орталығы директорының кеңесшісі Әубәкіров Съезхан, Семей қалалық шахмат федерациясының президенті Қартоев Султан , спорт ардагері, шахматтан КСРО құрметті спорт шебері, биология ғылымдарының кандидаты ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушысы, студенттер құрама командасының бас бапкері Носков Анатолий секілді біртуар азаматтар қатысты. Сонымен қатар, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті оқу ісі жөніндегі проректор Б. Рскелдиев, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар факультетінің деканы А. Кәкімов және физкультура кафедрасының ұстаздары мен жаттықтырушылары ат салысты.

Шахматтан республикалық  VII Универсиада ойындары өз мәресіне жеттіОқу ісі жөніндегі проректор Б. Рскелдиевтің айтуынша, VII универсиада ойындарының шахматтан республикалық жарысы Семейде өтіп жатқаны үлкен мәртебе. Семей көптеген спорт ойындарының – отаны. Бүгінгі спорттық доданың басты мақсаты- ақыл ойды өрбітетін шахмат ойынының жеңімпаздарын анықтау. Сондай- ақ, халықаралық Универсиадаға Қазақстанның шахмат құрамасын даярлау. Байқағанымыздай бізде дарынды балалар өте көп. Олардың тәжірибесін арттырып, дүниежүзілік деңгейге шығаруға жағдай жасауымыз керек.

Қорытынды бойынша қомандалық есеппен 14- топтың арасынан жарып шыққан Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ең үздік екенін дәлелдеп, 1- орынды иеленсе, Гумилев атындағы Еуразиялық университет 2- орынды, ал, қонақтарға ілтипат танытып, өз қонақжайлығын көрсеткен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті 3- орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар кубокпен, медальдармен және де мақтау қағаздарымен марапатталды.

Шахматтан тәжірибесін арттырып қана қоймай, студенттер өзара достар тауып, үш күн көлемінде қонақтарды қаламен таныстырды. Олардың ішінде республикалық, халықаралық шахматтық додаларға қатысып жүрген студенттер де бар.

« Мен шахмат ойнағанды бала кезімнен ұнатамын. Өте келе ол менің хоббиіма айналды. Қазіргі таңда еліміздің намысын басқа мемлекеттерде қорғап жүрмін. Бүгінгі өтіп жатқан іс- шара шыңдалу үшін жаттығу болады деп ойлаймын. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне үлкен алғысымды білдіремін. Студенттері де өте қарапайым, қонақжай екен. Қаланы көрсетіп, бізді ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтардың жерімен жақынырақ таныстырды», -дейді солардың бірі Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің намысын қорғауға келіп отырған Гүлісхан Нақбаева.

Еліміздің намысын Қазан қаласында өтетін халықаралық жазғы Универсиадада қорғайтын шахматшыларымызға сәттілік тілейміз.

Қарлығаш Хауасбаева


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив