KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Қазақстандағы футболдың 100 жылдығына арналған футзалдан біріншілік өз мәресіне жетті

18.03.2013, 18:00 102


Қазақстандағы футболдың 100 жылдығына арналған футзалдан біріншілік өз мәресіне жеттіҚазақстандағы футболдың 100 жылдығының аясында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің спорт кешенінде футзалдан біріншілік өткізілді. Қалалық жарыста шаһарымыздың 5 жоғары оқу орнынан 8 команда бақтарын сынасты, деп хабарлайды Altaynews.kz .

Аталмыш шараға Семей қаласындағы АҚ «Алтел» “Pathword” және “JET” сауда маркалары демеушілік танытты. «Жастарды спортқа тартудың жеңіл түрлерінің бірі – ол қолдау көрсету. Бүгінде ақпараттық байланыс маркалары жүлделі орындарға ұялы телефондар, флеш – модемдер және де көптеген ұсақ сыйлықтар тігіп отыр. Өз тарапымыздан біз оларға алғыс айтамыз, ал ойыншыларға тек сәттілік тілеймін», - деді университеттің халықаралық қатынас және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Б. Атантаева ашылу салтанатында.

Үш күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша Шәкәрім атындағы СМУ-нің екі бірдей командасы жүлделі 1, 2 орындарды қанжығаларын байласа, 3- орынды СМПИ-ның командасы иеленді.

Демеушілер жүлделі 1- орынды алған жеңімпаздардың әрқайсысына ұялы телефон сыйлады. Сонымен қатар, командалардың бапкерлері де құр қалған жок, себебі осындай жетістік көрсетіп отырғандары, тек бапкерлердің арқасы. Шәкәрім атындағы СМУ-і командаларының бапкері Г. Заякин мен СМПИ-нің бапкері В. Орлов марапатталды.

Футбол ұл балалардың ең сүйіп ойнайтын спорттың бір түрі екені бәрімізге мәлім. Қазіргі жастардың салауатты өмір салтына бейімделіп, аталмыш жарыстарға белсене қатысқандығы қуантады.

Қарлығаш Хауасбаева

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив