KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Семейлік жас жігіт танысудан бас тартқан бойжеткенді соққыға жықты

11.05.2013, 18:00 131


Семей қаласында жас жігіт танысудан бас тартқан бойжеткенді соққыға жықты , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қалалық ІІБ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқармада мәлімдегендей, оларға 18 жастағы қыз өзін кеш бетінде белгісіз азаматтың соққыға жыққанына шағымданған.

"Зардап шеккен бойжеткен өзінің үйінің маңында болған. Кенет артынан шыққан жігіттің даусы оған танысу жөнінде ұсыныс айтады. Қыздың бас тартқанына «ренжіген» бозбала оны көтеріп алып, жерге тастай салған», - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жас жігіт қолға түсті. Ол еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотталған 22 жастағы семейлік болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойнына алған, қазір оның іс-әрекетінің себептері анықталуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив