KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Серік-ақынның өлеңдері орыс тілді оқырмандарға жол тартты

1.05.2013, 18:00 179


Өскемендегі қалалық орталық кітапханада ақын, Жазушылар одағының мүшесі Серік Ғабдуллаұлының «Я легкой жизни не мечтал» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кітапты ақынның бірге жүрген орыс қаламгер достары, нақтырақ айтқанда, мүйізі қарағайдай қаламдастары орыс тіліне аударып шығыпты.

Тұсаукесер салтанатына оның қаламгер достарымен бірге өзі жетекшілік ететін «Шабыт» ақындар мектебінің тәлімгерлері де қатысты. Кеш қонақтары сиясы кеппеген аудармаларды әсерлене оқып, артық-кем тұстарын талқыға салды.

Қаламдас достарының бұл қамқорлығына риясыз ойын жеткізген автор аударманың кемшін тұстарын да жасырған жоқ.

- Аударманың аты аударма, кейде өлеңнің құрылысы жағынан ақсап жатса, кейде негізгі ойынан адасып қалып жатады. Дегенмен, көп жылдық еңбегімді ескеріп, осындай тарту жасап отырған әріптестеріме алғысым шексіз, - деді Серік Ғабдуллаұлы кеште.

Қаймана қазақтың қуанышы мен шаттығын өз сезімімен астастыра айтып келе жатқан ақынның өлеңдерінен енді орыс тілді оқырман да нәр алатын болды.

Жаңадан жарық көрген кітаптың бір бөлігін кітапханаларға өткізуді жоспарлап отырған ақын қалғанын мектептерге тарту етпек екен.

Мұратхан Кенжеханұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив