KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОШ
482.86 533.17 5.08

ШҚО криминалистері заманауи жылжымалы криминалистік зертханаға ие болды

26.04.2013, 18:00 226


ШҚО ІІД-нің криминалистері қымбат тұратын ғажайып техника – заманауи жылжымалы криминалистік зертханаға ие болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жылжымалы криминалистік зертхана «Фольксваген» автокөлігінің негізінде орналасқан.

«Зертхана ең соңғы үлгідегі заманауи техникалармен жабдықталған. Зертхана криминалистік және ДНК мәліметтерінің базасын құрайтын биологиялық зерттеулерге арналған екі бөліктен тұрады. Экипажда 3 адам жұмыс істейтін болады. Жылжымалы криминалистік зертхана Шығыс Қазақстан облысында жасалған ауыр және өте ауыр қылмыстар бойынша оқиға орнына барып, тексеріс жасауға арналған», - дейді жедел-криминалистік басқарманың бастығы, полиция полковнигі Игорь Зубов.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің маманы Айгерім Қамзақызының айтуынша, зертханада автономды жылу жүйесі мен желдеткіш жүйесі бар. Көлік оқиға орнын тексеруге арналған криминалистің әмбебап чемоданы, биологиялық іздерді тексеретін биологиялық чемодан және иістерді тексеретін одорологиялық чемодан, «Кратер» жарылғышы сарапшысының кешені, арматуралық қайшы және металл іздегішпен жабдықталған.

Жылжымалы криминалистік зертханада жұмыс істейтін мамандар ҚР ІІМ базасында дайындықтан өткен.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив