KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,3 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Семейлік түлектер құтқарушы мамандығын таңдайды

24.04.2013, 18:00 176


Семейде Көкшетау техникалық институты курсанттары мектептің биылғы түлектерімен, олардың ата-аналарымен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оқу орнының 4-курс курсанты Олег Шпак түлектер мен ата-аналарға КТИ күнделікті өмірін сипаттап берді.Төрт жыл мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін курсанттар оқуды тәмамдағанда жоғары біліммен қоса өртке қарсы қызмет лейтенанты арнайы шенін алып шығады. Оқу бітірген курсанттардың барлығы жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Өртке қарсы қызмет полковнигі О. Е. Перлей жастарға дене шынықтыруға, әскери – патриоттық жетілдіруге қандай назар аударылатыны туралы айтып берді.
Семейлік түлектер құтқарушы мамандығын таңдайды
«Оқу орнында курсанттар казармалық жағдайда жалпы әскери жарғыға, ішкі тәртіпке бағынады. Оқу үрдісінде балалар шыдамдылық сынды қасиетке ие болады. Біздің институт курсанты болу үшін әскери қызмет пен әскери оқуға денсаулықтың жарамдылық, ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат, дене шынықтыру бойынша емтихан тапсыру (белтемірге тартылу, 100 м мен 1 км қашықтыққа жүгіру) сындарынан өткен соң, конкурстық іріктеу болады», - деп түсіндірді полковник.

Кездесу сонында КТИ өкілдері түлектер мен ата-аналарды толғандырған сұрақтарға жауап қайтарды. Ал балалар КТИ мамандары математика мен физика пәндерінен әзірлеген тест сұрақтарына жауап берді.

Кеш соңында 14 түлек аталған оқу орнына түсуге ниет білдірді.
Айгүл Мирсаитова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив