KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1,8 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Қазақстанда «Өз дүниеңізді корғаңыз -егіліңіз!» атты ұранмен Европалық иммундау апталығы (ЕИА) өтеді.

22.04.2013, 18:00 155


Қазақстанда 2013 жылдың 22 - 27 сәуір аралығында «Өз дүниеңізді корғаңыз -егіліңіз!» атты ұранмен Европалық иммундау апталығы (ЕИА) өтеді. Осыған байланысты баласының екпе алғаны туралы мәліметтері жоқ ата-аналарға және ересек адамдарға тұрғылықты жері бойынша емханаларға барып екпе алуларына болады. Егілу тегін жүргізіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекшісі Михаил Дерябиннің деректеріне сүйенсек, Қазақстанда алдын ала екпелер құтыру, іш сүзегі, көктем-жазғы кене энцефалиті, вирусты гепатит «В», b типті гемофиль жұқпасы, күл, қызылша, қызамық, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, оба, эпидемиялық паротит, дизентерия, сальмонеллез, вирусты гепатит «А», тұмау, сібірлік күйдіргі, туляремия сияқты жұқпалы және паразитарлы ауруларға қарсы жасалады. Екпелер тұрғылықты жері бойынша емдік алдын алу мекемелерінде жүргізіледі.

Алдын ала екпені жүргізу алдында жіті ауруды шығару мақсатында бала медициналық тексеруден өтеді, міндетті түрде дене қызуы өлшенеді.

Дереу типті аллергиялық реакцияның мүмкін болуына байланысты екпеден кейін 30 мин аралығында балаға медициналық байқау керек. Кейін үйінде немесе ұйымдасқан ұжымда медбикемен 3 күн аралығында қаралу керек. Тірі вакцинамен егілгеннен кейін баланы 5-6-шы және 10-11-ші күндері медбике қарайды, өйткені тірі вакцина енгеннен кейінгі реакциялар екпеден соң 2-ші аптада пайда болады. Екпеден кейінгі қолайсыз құбылыстар (3 күн аралығында және 5-6, 10-11-ші күндері) балаға қауіп-қатер туғызбайды және бала ағзасының екпеге жауабын көрсетеді. Егер қолайсыз құбылыстар 3 күннен артық болса, ата-анаға медициналық көмекке қаралу керек. Екпеден кейін гипоаллергенді ем-дом және сақтық тәртібі ұсынылады.

Михаил Дерябин ата-аналарға баланы егу ешқашан кеш болмайтынын ескертеді. Егер бала барлық екпелерін уақытында алмаса, жетпеген екпенің мөлшерін кейін де алуға болады екен.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив