KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Полторанин Астанада құрметке бөленді

21.04.2013, 18:00 125


Астанада еліміздің шаңғы жарысы федерациясының президенті Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен ведомствоның кеңейтілген отырысы болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жиында федерация басшылығы өткен маусымның қорытындыларын шығарып, алдағы уақытқа жоспарларын жариялады. Атап өтерлік жәйт, биыл шаңғы спорты федерациясын қаржыландыруға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 300 млн. теңге көлемінде қаражат бөлген екен.

Отырыста сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев шаңғыдан Қазақстан құрамасының үздік бапкерлері мен спортшыларына бағалы сыйлықтар табыс етті.

Олардың қатарында соңғы кездері бұл спорт түрінен ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүрген жерлесіміз Алексей Полторанин да болды. Алексейдің жеңістері ел имиджін көтеруге ерекше үлес қосып келетінін айтқан Ө.Шөкеев шаңғышыға ақшалай сыйлық табыс етті.

"Келесі жылы Сочи Олимпиадасы өтетінін білесіздер. Қазіргі мақсатымыз – Алексей сынды спортшыларымызға сол байрақты бәсекеге еш алаңсыз дайындалуына жағдай жасау," – деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив