KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

III республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда студенттер ғылыми жобаларын қорғады

9.04.2013, 18:00 158


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен III республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Өскемен қалаларындағы белді жоғары оқу орындарының студенттері өздерінің ғылыми жобаларының тұсауын кесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

"Ғылымның адамзат тарихындағы, мемлекет пен жеке адамның өміріндегі рөлі ерекше екені баршамызға аян. Ғылымның дамуы ғалымдардың еңбектері мен олар ашқан жаңалықтардың құндылығымен анықталады. Біздің елімізде ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Конференцияға қатысушы жас ғалымдар мен студенттердің ғылымды меңгеруге деген ынта-жігерлерін34 орасан екенін байқадық" деді ШҚМУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар бойынша департамент директоры Анар Мырзағалиева.

Конференцияға төрт жүзден астам баяндамалар ұсынылып, жас ғалымдар, студенттер мен магистранттар өз жобаларын көрсетті. Бұған қоса конференция бағдарламасы бойынша математика, физика, ақпараттық технология саласындағы зерттеулер, экология және жаратылыстану, тағы басқа ғылымдары бойынша секциялар жұмысы істеді.

Пленарлық мәжілістің соңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков конференция қортындысы бойынша үздік деп танылған студенттерге дипломдар табыс етті.

Сонымен бірге университеттің жыл студенттері атанған жастар, республикалық деңгейде өткен олмпиадаларда жүлделі орын алған студенттер марапатталды.

Аталмыш III республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қортындысы бойынша қабылданған қарарда жас ғалымдардың алдағы уақытта ғылым жолында атқарар істеріне жол ашатын шаралар белгіленді.

Жанаргүл Қожамкей

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив