KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.45 529.19 5.04

«Ашық әлем» қоғамдық қорының жобалары аутизмі бар балалардың мәселесін шешуге көмектеседі

7.04.2013, 18:00 144


«Ашық әлем» қоғамдық қоры «Құқығым бар» және «Аутизм диагнозы қойылған қатынас жасай алмайтын балаларды және тілі кеш шығып келе жатқан балаларды жалпы білім беру жүйесіне бейімдеуді ұйымдастыру» жобаларын ұсынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Қазақстан баспасөз клубының мәліметіне сілтеме жасап.

Аталмыш жобалардың мақсаты – аутизм дертіне шалдыққан адамдардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сонымен қатар аутизм диагнозы қойылған және тілі шықпай жүрген балаларды жалпы білім беру мекемелерінде оқытудың тиімділігін көрсету.

ҚР Түзету педагогикасы Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының деректеріне сәйкес, Қазақстандағы аутизмі бар балалар саны – 706 (2011 жылы) құрап отыр. Өкінішке орай, бүгінгі таңда елімізде аутизм диагнозы қойылған балаларды оқытудың бір де бір әдестемесі жоқ. Тіпті оқуға деген жап-жақсы қабілеті бола тұра, ондай балалар жалпы білім беретін мекемелерде түсіністік таппай, қоғамнан шеттетіліп, аласталып жатады.

«Ашық Әлем» қоғамдық қорының президенті Әлия Архарованың пікірінше, аутизм диагнозы қойылған балалар өзімен өзі қалдырылған және көптеген құқықтардан айрылған, қоғамның мәдени өміріне өзгелермен қатар атсалысып, оның игіліктерін пайдалану құқығы оларға берілмеген. Бүгінгі таңда олардың біздің қоғамда әлеуметтеніп, лайықты өмір сүруге деген ешқандай үміті жоқ.

«2011-2020 жж. арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес, 2020 жылға дейін қазақстандық мектептердің 70% инклюзивті болуы тиіс. Қазірдің өзінде ата-аналар аутизм диагнозы қойылған балаларын жалпы білім беру жүйесіне беруге толық құқылы», - деп атап өтті Сороc-Қазақстан қорының білім беру мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сауле Каликова. «Сөйте тұра, мектептер әлі де ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға дайын емес – онда арнайы оқытылған мұғалімдер жоқ, ассистент-мамандар жоқ. Бұл біздің еліміз алдағы бірнеше жыл ішінде аутизм диагнозы қойылған балалардың білім алуы жолындағы кедергілерді жою үшін қажет шаралардың барлығын атқару керек деген сөз».

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив