KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданында мектеп құрылыстары маңдымай тұр (+сурет)

2.04.2013, 18:00 162


ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Үржар ауданында құрылысы аяқталмай жатқан мектептердің мердігерлерін қатаң сыңға алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Айтбай, Лайбұлақ, Ер Қабанбай ауылдарындағы жаңа мектептердің құрылысымен танысты.

Алтыншоқы ауылдық округіне қарасты Айтбай ауылында білім ошағын салып жатқан мердігер мекеме – «Үржар-ПМК-1» ЖШС-нің өкілі Б.Сейілханов жалпы жұмыс көлемінің 78 пайызын ғана бітірген. Енді ішкі әрлеу, сыртқы ауласын абаттандыру жұмыстары бар. Қазір құрылыс тоқтап тұр. Басты себеп, жұмысшылар үш айдан бері еңбекақысын алмаған. Ақшасы төленбегесін жұмыс та мандымаған. Облыс басшысының сынына ұшыраған мердігер ағымдағы жылдың шілдесіне дейін нысанды тапсыруға уәдесін берді. Ал оған келесі аптаға дейін жұмысшылардың еңбекақысын толықтай төлеп беру тапсырылды.

Ер Қабанбай ауылындағы жаңадан салынып жатқан 80 орындық мектеп құрылысының жайы да осындай. Бас мердігер «РСУ-АСАР» ЖШС бір жылдан астам уақыт құрылысты кешіктіріп келеді. Мұнда да құрылыс тоқтап тұр.

«Осында жұмыс істеген әрбір адамның үйінде бала-шағасы бар. Оларға киім мен тамақ керек. Сол жағын неге ойламайсыздар? Егер ұяттарыңыз, намыстарыңыз болса, адамдардың бір-екі миллион теңге қарызын қайтарар едіңіздер. Қарыз болмағанда, нысанда құрылыс тоқтамай жүріп жататын еді» деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Жаңатілек ауылында салынып жатқан 320 орындық мектептің де құрылысын аралап көрді. Нысанды «МД Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатыр. Бұл жердегі тірлік алдыңғыларына қарағанда біршама тәуірлеу. Ауылдан 60-қа жуық адам еңбектенуде. Учаске прорабы Е. Жұрқабаевтың айтуынша, құрылыс материалдары жеткілікті болса, алдағы жаңа оқу жылына дейін құрылысты аяқтап бермек. Алайда, бұл жерде де жұмысшыларға берешек барлығы белгілі болды.
Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданында мектеп құрылыстары маңдымай тұр (+сурет)
Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданында мектеп құрылыстары маңдымай тұр (+сурет)
Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданында мектеп құрылыстары маңдымай тұр (+сурет)
Облыс басшысы аудандағы бітпеген мектептер құрылысымен толықтай танысып шыққан соң жауапсыз мердігерлерге қатаң талап қойды. Жақын арада облыс басшысының төрағалығымен Үржардың кешіккен мектептерінің құрылыстарына байланысты барлық жауапты мердігерлердің қатысуымен арнайы кеңес өткізіледі. Білім ордалары биыл қолданысқа берілуге тиіс. Соған орай облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары С.Шуашбаевқа нақты тапсырмалар жүктелді.

Дәурен Аллабергенұлы

Суреттер С.Суровтікі

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив