KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Азаматтардың өзекті ұсыныстары Заң жобасына енгізіледі

2.04.2013, 18:00 122


ҚР Қаржы полициясы агенттігінің www.finpol.kz ресми сайтында 2-сәуірден 10-сәуірге дейін «Халықтық құқықшығармашылық» атты бөлім жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЭСЖКД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын айтылғандай, Қаржы полициясы агенттігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу және жазалау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасын жасауда.

Агенттік Төрағасының тапсырмасы бойынша ведомство аталған заң жобасын жасауға қоғамдық ұйымдар мен азаматтарды кеңінен тартуды көздеп отыр.

Ол үшін Агенттіктің ресми сайтында ашылған «Халықтық құқықшығармашылық» атты бөлімге әрбір азамат өзінің ұсыныстарын көрсете отырып, хабарлама қалдыруына болады.

Департаментте сендіргендей, әрбір ұсыныс талданып, олардың өзектілері жұмыс тобының талқылауынан кейін «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту арқылы алдын алу, ескерту, жолын кесу және жазалау жүйесін жетілдіру бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң жобасына енгізілетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив