KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Бесқарағай ауданында көпбалалы отбасыларына әлеуметтік бұрыш ашылды

2.04.2013, 18:00 79


Бесқарағай ауданында бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Соған орай негізгі тауарларға және жанар-жағармай өнімдеріне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Аудан орталығындағы «Алтай» дүкенінде «Ардагер» деп аталатын бөлім ашылды. Онда соғыс ардагерлеріне және зейнеткерлерге күнделікті тұтынуға арналған негізгі тауарлар төмендетілген бағамен босатылуда. Мұнда сонымен бірге көпбалалы отбасылары мен тұрмысы төмен топтарға әлеуметтік бұрыш ашылған.

Аудандағы бірқатар дүкендерде тұрақтандыру қоры арқылы ұн төмендетілген бағамен босатылуда. Жанар-жағармай өнімдерін де бекітілген бағамен ұсыну жөнінде тиісті кәсіпкерлермен келісімшарт жасалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив