KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Шемонайха ауданындағы өнер мектебінің оқушылары Халықаралық ашық ғаламтор-конкурсының лауреаты атанды

16.03.2013, 18:00 175


Шығыс Қазақстанның жас өнерпаздары ғаламтор желісінде ай сайын өтетін Халықаралық ашық ғаламтор-конкурсына қатысып, лауреат атанды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Шемонайха ауданындағы өнер мектебінің оқушылары мен оқытушылары үшін ғаламтор желісінде ай сайын өтетін Халықаралық ашық ғаламтор-конкурсына қатысу дәстүрге айналды. XV байқауға өнер мектебінің вокаль бөлімінде оқитын төрт оқушысы қатысқан болатын. Шемонайхалық өрендер қуанарлық нәтижеге қол жеткізді. Радион Зиновьев (оқытушысы Е.А.Росина) лауреат атанып, 2-дәрежелі дипломмен марапатталса, Илария Крылова (оқытушысы О.В.Сидорова) лауреат атағын және 3-дәрежелі дипломды иеленді.

«Біз оқушыларымыздың абыройлы жеңістерін мақтан тұтамыз. Сондай-ақ, осы конкурсқа қатысқан Алтынай Құнанбаева мн Таисия Зиновьеваға да алғыс білдіреміз» дейді өнер мектебінің басшылығы.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив