Глубокое техникалық колледжі қажеттілікті анықтау негізінде бүгінгі күні электр жабдықтарын жөндеу және пайдалану монтері, электргазбен дәнекерлеуші, сылақшы мамандықтары бойынша кәсіби мамандарды даярлап жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Соңғы үш жылдан бері колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі толықтырылып келеді. Биыл 25 млн. теңгенің дәнекерлеу құрал-жабдықтары сатып алынды. Сондай-ақ 7 млн. теңгеге барлық оқу-тәжірибелік шеберхана шатырларын және 8,2 млн. теңгеге жатақхананы ағымды жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр.
Алдағы уақытта бұл колледж Глубокое ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясы мен ірі кәсіпорындарға, нақтырақ айтқанда, байыту фабрикаларына үгітуші, флотатор, байытушы, кеніштерге бұрғылаушы, бекітуші мамандықтары бойынша ынталы жастарды оқуға қабылдамақшы.
Әлімжан Қадылбекұлы