Семей қаласында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен дойбыдан қала біріншілігі өтті. Тартысты өткен жарыстарда 24 спортшы бақтарын сынады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісіСемей қаласы ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметіне жүгініп.
Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметкерлері айтқандай, ойыншылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған. Мамандардың пікірінше, мұндай жарыстар дойбы ойынын кеңінен насихаттап, жас және мықты спортшыларды анықтауға көмектеседі.
Бразильдік стильде өткізілген жарысқа халықаралық шеберліктегі спортшылармен қатар әуесқой ойыншылар да қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға қол жеткізген ойыншылар мақтау қағаздары мен құнды сыйлықтарға ие болды.
Осы жолғы жеңімпаздардың қатарынан ерлер мен әйелдер құрама командалары жасақталды. Олар 2013 жылдың 21-27 наурыз аралығында Семей қаласында өтетін ШҚО Чемпионатына қатысады.