KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
477.13 525.85 5.24

Әйел-ананы әспеттеген әдемі кітап жарыққа шықты

10.03.2013, 18:00 199


Ананың ақылын, қыздың қылығы мен әйелдің арлылығын шебер тілдің өзегі еткен тағы бір қазыналы кітап қалың оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның авторы – облыс жұртшылығына небір танымдық дүниелерімен, жайсаң жырларымен һәм өзекті мәселелерді көтерген мақалаларымен белгілі болған қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мәуітқазы Зүкенов. Автор осынау он үшінші кітабын «Әлемнің құдірет күші – аналар» деп атапты. Аты айтып тұрғандай, кітапқа тың тақырыптар, қазақтың батыр қыздары мен көпбалалы Батыр аналары және еңбек ардагерлері арқау болған. Біз көпшілік қауымға арналып, нақты деректер мен қызықты оқи-ғаларға және тартымды әңгімелерге толы кітапқа негізінен Жарма-Шар және басқа аудандарда ғұмыр кешіп, еңбек еткен қарапайым отаналар енгенін байқадық.

Мәселен, «Ерлігін де, даналығын да мақтан етеміз», «Ұлт тірегі – батыр аналар», «Еңбек ардагері атанғандар» және «Әйелдер жайлы әдемі сөздер» деп аталатын төрт бөлімнен тұратын кітаптан 18-ғасырда өмір сүрген Гауһар батыр, Айбике, Қыпшақ Иман батырдың бәйбішесі Қалампыр, Бопай ханым, белгілі этнограф-журналист Нәзипа Құлжанова, жармалық тұңғыш академик Нәйла Базанова, Жарманың «Қараадыр» деген жерінде дүниеге келіп, қазақ журналистикасына ерекше еңбегі сіңген Әтина Жәкетова, белгілі ақын Тұрсынхан Әбдірахманова, тағы басқалар туралы бірталай деректер алуға болады.

Ал кітапта келтірілген Батыр аналардың өзі бір төбе. Олардың қатарында небір батыр ұлдарды дүниеге әкелген Мәрзия Тұрлыханкеліні, әрі ақын, әрі Батыр ана Нәйла Алшынбаева сынды ерек жандар бар.

Мәуітқазы ағамыз кітаптың өне бойында оларға әдемі арнау да жазыпты. Автордың әсіресе, кітаптың соңын ала берген қазақ әйелдері туралы дана сөздері де оның бұл кітабына ерекше шырай енгізіп тұр.

Ғафура Сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив