KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
477.13 525.85 5.24

«Соңғы монолог» оқырманға жол тартты

24.03.2013, 18:00 197


Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаттың директоры, ақын-аудармашы Алдияр Әубәкіровтің «Соңғы монолог» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шараға ақынның қаламдас достары мен өлеңдеріне арқау болған кейіпкерлер қатысты. Бұған дейін де сүбелі тарихи кітаптар жазып келген оның аталмыш кітабында күйші һәм батыр Кетбұғаның, жоңғарға қарсы шапқан Жарылғап батырдың ерліктері өлеңмен өрілген. Сондай-ақ, қаламгер Шекспир шығармаларына қазақы тіл бітірген. Орайы келген тұста айта кетейік, бабалар алдындағы аманатын адақтауды мақсұт еткен автор – жоғарыда келтірілген Кетбұға, Жарылғап батырлардың төл ұрпағы.

Салтанатты шараға келген өлкетанушы Сағди Қапасов, белгілі журналистер Жұмәділ Әділбаев, Айтмұхамбет Қасымов сынды зиялы қауым өкілдері автордың еңбектерін жоғары бағалап, шығармашылық табыс тіледі.


Мұратхан Кенжеханұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив