KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Зырянда тоғыз пәтерлі үйдің төбесі қардың салмағына шыдамай опырылып түсті

9.03.2013, 18:00 111


Зырян қаласында Крылов көшесінде орналасқан ағаш барақтың тұрғындары өз пәтерлерін тастап, қашуға мәжбүр болды. Қалың қардың салмағына шыдамаған үйдің төбесі кейбір жерлерде құлап кеткен. Алайда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

« Біз ұйықтап жатқан едік, кенет қатты гуіл естіліп, үй дірілдей бастады. Біз жер сілкінген екен деп, жалма-жан далаға шыққанымызда үй шатырының опырылып құлап жатқанын көрдік» деп есіне алады Крылов көшесінің тұрғыны Людмила.

Оқиға түнде орын алған. Тұрғындар дереу басқа жаққа көшірілді. Көпшілігі туысқандарына кетіп қалсағ қалғандары №1 мектеп-интернатта қонып шықты.

Қала әкімі Лариса Гречушникова апатты үйдің жарық пен жылу беру жүйесінен дереу ағытылғанын айтады.
Келесі күні баспанасыз қалғандар Панфилов көшесіндегі жатаөханаға орналастырылды. Жүктерін тасымалдауға жүк көлігі бөлінгенімен, қалың нөсер мен тайғақ жолдың салдарынан көлік межелі жерге жете алмады. Төбелерден су шелектеп құйып, бөлмелердің төбелері опырылып түсуге шақ қалды. Тұрғындар 1953 жылы салынған үй мүлде қирап қалады деп қауіптенуде.

Оқиға орнында дереу жеткен ТЖ бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар қорытындыларын әлі жариялаған жоқ. Тұрғындар үй шатырын үнемі қардан тазалап тұрғандарын айтып, өздерін кінәлі санамайды. Алайда барақта үш пәтер бос тұрыпты, солардың төбелері тазаланбаған сияқты. Қалай болғанымен де әкімдікте қазірдің өзінде жалпы үйдің меншігіндегі шатырдың дұрыс тазаланбағанын айтады.

Оксана СОСНОВСКАЯ
Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив