KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Аягөздік кәсіпкер наубайхана өндірісін ұлғайтқаннан гөрі оны заманауи технологиялармен жабдықтағанды жөн санайды

21.04.2013, 18:00 142


Аягөздік жеке кәсіпкер Алтай Ақылтаев наубайхана өндірісін ұлғайтып, оның қуатын арттырғаннан гөрі өндірісті жоғары сапалы өнім шығаратындай заманауи технологияға бейімдегенді жөн санайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жеке кәсіпкер күніне екі мың бөлке нан пісіреді екен. Шағын наубайханада 45 теңгеден әлеуметтік нан да өндіріліп жатыр. Аягөз ауданы орталығында 10-нан астам нан өндіруші кәсіпкер бар.

Чехияның кәсіпкерлерімен екіжақты пікір алмасу кезінде аймақ кәсіпкерлері өздерінің қолы жететіндей әрі қажетті сұранысқа сай өнімді шақтап өндіруге қолайлы келетіндей шағын наубайхана жабдықтарын сатып алсақ деген тілектерін жеткізді.

Чехиялықтар бұл мәселені кәсіпорындар басшыларымен жеке байланыс орната отырып шешуге болатынын, олардың өндірісіне қажетті құрал-жабдықтарды таңдауға көмектесетіндерін айтты.


Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив