ТМД елдерінде тұңғыш рет Семей қаласында орманды сақтаудың халықаралық талаптарына сәйкес тың жоба қолға алынды. Бұл – «Fire Watch» атты арнайы ақпараттық жүйе. , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Бейнебақылау арқылы орманшылар орманның қай жерінде өрт тұтанғанын дереу байқап, оны бірден өшіріп тастайды. Орман өртімен күрестің бұл жүйесі Аустралияда, Еуропа елдерінде кеңінен тараған.
«Семей орманы» резерватының бас директоры Мақсат Елемесовтің айтуынша, орманды өрттен сақтау жолында жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде алқаптардың отқа орану фактілері азайғаны байқалады. Мысалы, 2003 жылы 106 гектар орман отқа оранса, былтыр өртке 1 гектар жер ғана шалынды.
Семей орманына қарасты барлық бөлімдердің материалды-техникалық базасы мүмкіндігінше жаңартылған. Оларда 28 өрттен сақтау станциясы, 113 трактор, 65 өрт сөндіру көлігі, өртті бақылайтын 34 мұнара, су тартатын 47 ұңғыма және су сақтайтын 67 ыдыс бар.