KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семей қаласында көзі нашар көретін жасөспірімдерді қоғамға бейімдеуге арналған акция басталды

5.02.2013, 18:00 121


Семей қаласында көз жанарлары нашар көретін жасөспірімдерді қоғамға әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жаңа жобаның тұсауы кесілді. Акция «Бота» қоғамдық қорының қолдауымен 11-18 жас аралығындағы 45 баланы қамтиды. Олардың барлығы Семей қаласындағы № 3 мектеп-интернаттың оқушылары, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде қалалық әкімшілікте хабарлады.

Акция «Раскрасим мир вокруг» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Жобаның үйлестірушісі Ардақ Рамазанованың сөзіне қарғанда, бағдарлама үш бағытта жүргізіледі. Бұл – көзі нашар көретін балалардың мұғалімдері және тәрбиешілерімен жұмыс, балалардың ата-аналарымен әңгіме өткізу және балалардың өздерімен тікелей жұмыс жүргізу.

Аталмыш акцияға, әсіресе, №3 мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің әке-шешелері аса қызығушылық танытып отыр. Олар тұсау кесер кезінде айтылған балалардың заңгерлерден кеңес алуы туралы идеяны қызу құптады. Заңгер балаларды жұмыс келісім-шарттарының түрлерімен таныстырып, оларды өтініштерді дұрыс жазуға үйретеді. Мұндай тәжірибе акцияға қатысушыларға таяу уақытты қажет болары сөзсіз. Өйткені олардың арасында биылғы түлектер де бар.

Жобаға бұдан басқа психолог, хореограф, барлығы бес маман шақырылған. Мамандар оқушылармен әңгіме өткізеді, музыкамен, бимен айналысады, арт-терапия жүргізеді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, ең бастысы, жасөспірімдерге қолайлы эмоционалды жағдай тудыру, оларды қоғамға бейімдеу болып табылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив