KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

Зайсанда "Қазақстан жолы" оқу-танымдық орталығы жұмыс істейді

4.02.2013, 18:00 127


Зайсан ауданындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте «Қазақстан жолы» атты оқу-танымдық орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оған Н.Назарбаевтың кітаптары, мақалалары, Жолдаулары, баяндамалары қойылып, кабинет Тұңғыш Президент туралы деректі фильмдер мен көркем фильмдермен жабдықталған. Оқу-тәрбие орталығы ақпараттық мүмкіншілігін кеңейту мақсатында Интернет желісіне қосылды.

Кабинетті жабдықтауға 2012 жылы 500 мың теңге бөлінсе, оны үнемі ақпараттандырып отыруға биыл 1500,0 мың теңге қарастырылды.

Бүгінгі күні орталықта «Қазақстандық жол», «Полиглот», «Риторика», «Ғылыми –зерттеу жұмысы», «Дебат» және т.б. бағыттар бойынша оқу бағдарламалары жұмыс істейді. Орталықта бір уақытта 15-20 оқушы білім ала алады.

Оқу - танымдық орталығында «Қазақстан- 2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің Жаңа саяси бағыты» Елбасының Жолдауын талқылау мақсатында «Жас ұлан» ұйымы ұланбасыларымен дөңгелек стол ұйымдастырылды. Оқушылар «Елбасы Жолдауынан не күтемін?», «Менің қиялымдағы Қазақстан - 2050 жылы» деген тақырыптарда пікір алмасты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив