KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

70-ден асқан өскемендік зейнеткерлер 7-ақпанға дейін жеке бас куәлігімен тегін жүре алады

3.02.2013, 18:00 161


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Өскемен қаласының 70 жастан асқан зейнеткерлері қалалық автобустарда 1-ақпаннан бастап жыл соңына дейін тегін жүреді. Алайда олардың көпшілігінің атаулы жол жүру билетін әлі алып үлгермегендіктен, тасымалдаушылар қарттарды 7-ақпанға дейін жеке бас куәліктері бойынша тегін тасымалдауға келісіп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде Өскемен қалалық әкімшілігінде хабарлады.

Қалалық әкімшілік пен тасымалдаушылар арасындағы әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде қол жеткізілген келісімнің аясында тасымалдаушылар қаладағы 26 мың зейнеткердің 5 мыңының ғана жол жүру шығынын көтереді, қалғандары қалалық бюджеттің есебінен жабылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив