KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

ЮНИСЕФ мұқтаж балаларға көмек көрсету жөнінде үндеу тастады

30.01.2013, 18:00 237


ЮНИСЕФ мұқтаж балаларға көмек көрсету жөнінде үндеу тастадыБүгін ЮНИСЕФ Орталық Азия мен Кавказдағы донорларға 2013 жылы өңірдегі қақтығыстар, табиғат апаттары және басқа төтенше жағдайлар аймағында қалған балаларға қауырт әрі өмірлік маңызды көмек беру үшін 8,2 миллион АҚШ долларын жинау туралы үндеу тастады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ЮНИСЕФ-тің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сілтеме жасап.

Баспасөз парағында көрсетілгендей, аталған науқан барысында жиналған қаражат Грузиядағы, Қырғызстан мен Тәжікстандағы табиғат апаттарына дайындық деңгейін арттыруға, қоғамдастықтардың апаттарға қарсы тұру мүмкіндіктерін күшейтуге және олардың салдарларын мейлінше азайтуға бағытталатын болады.

Орталық Азия мен Кавказ бойынша жасалған үндеу ЮНИСЕФ-тің 1,4 млрд. АҚШ доллары сомасында қаражат жинауға арналған «Балалар мүдделері үшін гуманитарлық іс-қимылдар – 2013» жаһандық науқанының бір бөлігі болып табылады. Үндеуде көбінесе қайғылы жаңалықтар көп келетін Сирия сияқты елдер туралы айтылғанмен, жиналған қаржы ресурстары халықаралық қоғамдастықтар аз хабарланған, бірақ көмекті олардан аз қажет етпейтін басқа елдердегі гуманитарлық дағдарыстарға да бағытталатын болады.

"Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі Джун Кукита бұл апаттарды жасырын, елеусіз деп атады. «Бұлар туралы БАҚ беттерінде аса көп айтылмауы олар аз жапа шегеді деген сөз емес» делінген хабарламада.

«Мен үшін бүгін БҰҰ агенттіктері мен донорлармен кездесуге қатысу – үлкен мәртебе. Мен барлығыңызды бәрінен бұрын бізге мұқтаж балаларға көмек көрсету үшін өзара ынтымақтастықты күшейтуге, тәжірибелеріңізді, білімдеріңізді сондай-ақ ресурстарыңызды бөлісуге шақырамын,» - деп мәлімдеді Джун Кукита бүгін Астанада өткен донорлармен кездесуде.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив