KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Еліміздің ЮНИСЕФ-тегі өкілдері Семейге арнайы ат басын тіреді

24.04.2012, 18:00 135


Семейге еліміздің ЮНИСЕФ-тегі өкілдері арнайы ат басын тіреп, шаһардағы бірқатар жерлерді аралады. Қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаевамен кездесті.

Делегация құрамында ЮНИСЕФ өкілінің республика бойынша орынбасары Радослав Жехан және Шығыс Қазақстан облысындағы үйлестірушісі Анна Стативкина, сондай-ақ балалар құқығын қорғау бағдарламасының жетекшісі Татьяна Адерихина бар.
– ЮНИСЕФ жобалары сәтті жүзеге асуда. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі біздің халықпен етене араласуымызға мүмкіндік жасап отыр. 2015 жылға дейін сіздердің облыста түрлі бағдарламаларды қолдау үшін 4,5 миллион доллар бөлініп отыр. Біз бұл қаражатты мамандардың біліктілігін арттырып, халыққа қызмет көрсету сапасының жақсаруына арнаймыз, – деп атап көрсетті Радослав Жехан.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив