KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Бүгін Қазақстанның қолөнершілер одағы өз қызметінің алғашқы жылын қорытындылады

29.01.2013, 18:00 226


Бүгін Қазақстанның қолөнершілер одағы өз қызметінің алғашқы жылын қорытындылап, халыққа отандық қолөнершілердің үздік жұмыстарының экспозицияларын ұсынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Қазақстан баспасөз клубының мәліметіне сілтеме жасап.

Журналистермен өткізілген брифинг кезінде ұйымдастырушылар қазақстандық қолөнершілердің бесінші «Шебер» конкурсының шарттарымен таныстырды. Іріктеу турына қатысу өтінімдері 1-ші наурызға дейін қабылданады, ал қолөнершілердің конкурсы 2013 жылдың қаңтарынан бастап маусымға дейін өтеді.

«Шебер» конкурсы «Қазақстандағы қолөнерді дамыту және халықтың көркемөнер кәсібін жаңғырту» бағдарламасының аясында 2009 жылдан бастап өткізіледі. Төртінші республикалық «Шебер» конкурсының жеңімпаздары – өздерінің Бүкіләлемдік қолөнершілер Кеңесінің (World Craft Council) Бас Ассамблеясында болып, «Кайвалам» қолөнершілер саммитіне және Ченнай қаласында (Үндістан) өткен «Тірі аңыздар» халықаралық көрмесіне қатысты.

Аталмыш бағдарламаның шеңберінде Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында қолөнердің екі ресурстық орталығы жұмыс істейді. Бағдарламаның айқын нәтижелерінің бірі ретінде 12 қолөнершінің «ЮНЕСКО-2012 сапа белгісімен» марапатталуын айтуға болады. Сонымен қатар, Одақ төрайымы Айжан Бекқұлова еліміздің мәдениет саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Мәдениет саласының үздігі» мемлекеттік сыйлығын алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив