KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

"Восток" футбол клубы жаңа веб-сайтын ашады

27.01.2013, 18:00 127


Өскемендік «Восток» клубы жуықта футболсүйер қауымның назарына жаңа веб-сайтын ұсынады. Оны әзірлеумен СИА «SPORTS.KZ» компаниясы айналысуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биыл «Восток» өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтпек. Клуб басшылығы бұл айтулы мерекеге орай соны жобалар әзірлеуде. Солардың бірі – осы интернет-ресурс.

– Сайттың жаңа дизайны бұрынғысына мүлдем ұқсамайтын болады. Онда жанкүйерлерге команданың тарихы мен соңғы жаңалықтары туралы барлық мағлұматтар ұсынылмақ. Әрі сайтпен жұмыс істеу өте жеңіл болмақ. Үлкен де, кіші де өзіне қажетті ақпаратты сайттан оп-оңай тауып ала алады, – дейді «Восток» командасы баспасөз қызметінің бастығы Ренат Суыров.

Сайтта команданың барлық ойындарының онлайн көрсетілімдері жүргізілмек. Жанкүйерлер қауымы кез келген футболшы, сондай-ақ, Қазақстан біріншілігі мен өзге де жарыстар жайындағы толық мағлұматқа ие болады.

Үш тілде сөйлейтін сайттың тұсаукесері алдағы наурыз айының басына жоспарланып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив