KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Азық-түлік бағасы бақылауда тұр

18.01.2013, 18:00 161


Семей қаласы бойынша азық-түлік, өзге де тұтыну тағамдарына баға көтерілген жоқ. Қала базарлары мен дүкен сөрелеріндегі азық-түлік құны өз деңгейінде тұр, деп хабарлайды Семей қаласының ішкі саясат бөлімі ақпараттық секторының мәліметіне сүйенген Altaynews.kz тілшісі.

Қалада инфляциялық үдерістерді тежеуде ауқымды істер үздіксіз жүргізіліп келеді. Әр күн сайын мониторинг жүргізіліп, қаланың әр ауданындағы сауда дүкендері мен базарлардағы баға мөлшері анықталып отырады.

Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімі берген ақпаратқа сәйкес, 2013 жылдың 9 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша қаладағы 1 сұрыпты нанның орташа бағасы 47,7 теңгені құраған. Ал, 1 сұрыпты ұн – 60,5, жоғары сұрыпты ұн – 95 теңгеге сатылады. 1 сұрыпты нан бағасы соңғы бір жыл көлемінде еш көтерілген жоқ. Ет бағасы да тұрақты. Сиыр етінің 1 килограмы 1250 теңге болса, қой еті – 1150, жылқы еті – 1350, құс еті - 530 теңгеден сатылуда.

Көкөніс өнімдерінің де бағасы бақылауда. Картоптың 1 килограмы – 68,5, сарымсақ – 64, қырыққабат – 75,7, сәбіз – 68,5, қызылша – 78,5 теңгеден өткерілуде. Күнбағыс майы – 302 теңге. Макарон өнімдерінің килограмы – 115 теңгеге теңестірілсе, ақмаржан күріші – 155 теңгеден саудаға түсіп жатыр. Жоғарыда келтірілген сандық деректердің барлығы аталған азық-түліктің орташа баға мөлшері.

Қазір қала бойынша тұрақтандыру қорынан босатылған өнімдерді саудалаушы 22 сауда нүктелері бар. Сонымен қоса қалаға қарасты Шүлбі, Шаған кенттері мен Знаменка, Озерка, Достық, Жиенәлі ауылдық округтерінде де тұрақтандыру қорынан азық-түліктер жеткізіліп, саудаланады.

Мәлімет көзі Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив