KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,3 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскеменде арзан бағада ұн сатылды

25.11.2012, 18:00 95


Өскеменде 1 сортты ұн бағасы 51 теңгемен көшпелі сауда арқылы сатылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Бұл 50 әлеуметтік бөлшек сауда бөлімдеріндегі бағадан 2 теңгеге арзан.

Бұл туралы кәсіпкерлік бөлім басшы Қанат Бәшіров хабарлады:

- Шағынаудандарда, ең халық көп жиналған орындарда бір ай бойы 1 сорт ұнды 51 теңге бағамен сатып келеді. Бұл жобаға «Сей Нар» мен «Фарман» фирмалары қатысауда. Жыл соңына дейін сондай сауда өткізіледі .

КШТ тұрғындары үшін «Достык» дүкенінің алды, «Защита» үшін «БанкаЦентрКредит» ғимараты, Үлбі ауданда – ММҮ алдындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі көшпелі сауда алаңына айналды . Сауда ММҮ-ден басқа орындарда сенбі күні сағат 11-ден 14-ке дейін жүргізіледі. Әлеуметтік ұнды келілеп те, 10 және 25 килограмдық қаппен де сатып алуға болады.

Кәсіпкерлік бөлім басшысы Қанат Бәшіровтың айтуынша, мереке күндері әлеуметтік керуен Самсоновка мен Тройницкое ауылдарына сапар шегетін көрінеді.

Әлеуметтік ұнды саудалайтын орындардың ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив