KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

RADIO ALTAY жаңалықтары - 05 қараша 2012 жыл

4.11.2012, 18:00 108


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Өскемендегі Жаңа Согра кентінде фотоэлектрлі пластиналар шығаратын зауыттың құрылысы салынып жатыр. Ал Астанада бұл пластиналардан күн қуаттетіктері құрастырылмақ. Келесі жазда жаңа өндіріс орны іске қосылады. Бүгінгі таңда әлемде күн батареяларын тек төрт ел ғана өндіреді. Келер жылы бұлардың қатарына Қазақстан да қосылады. Қазір құрылыс алаңында үш жүздей адам тынымсыз еңбек етуде.

«Балапан» бағдарламасы аясында Зырян қаласында балабақшалар құрылысын салу, шағын орталықтар ашу қолға алынды. Жаңадан салынып жатқан 280 орындық «Қарлығаш» балабақшасы ашылатын уақыт та таяп қалды. Сондай-ақ Курчатов көшесінің бойындағы 75 баланы орналастыратын «Алтын кілт» жеке меншік балабақша да пайдалануға беріледі.

Берекелі тірлігімен істің көзін тауып, үлкен шаруаны дөңгелетін жүрген қарапайым шаруа Ақыт Әмірханұлының отбасы Қытай Халық Республикасынан ата мекеніне оралғанына алты жылға таяп қалды. Қазіргі уақытта олар Күршім ауданының Қазақстан ауылында тұрып жатыр. Олар екі жүз қой, 60 cиыр, 13 жылқы бағып, өсіріп жатыр. Жаз бойы бие байлап, күніне 20 литрдей қымыз дайындады.

Өскемендегі А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Бір Отан, бір тіл – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде мемлекеттік тілді үйренем деушілерге арналған әдістемелік құралдар зор сұранысқа ие болды. Сондай-ақ жастар арасында «Татулық тірегі - тіл» атты пікірталас өткізілді.

Астанада волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының Кубогы үшін іріктеу жарысы өтті. Ширек финалға шығу үшін сегіз команда қатысты. Олар екі топқа бөлініп, бәсекеге түсті. Өскемендік волейболшылар өз тобындағы барлық командаларды ұтып бірінші орынды иеленді.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив