KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде заманауи зауыт салынып жатыр

30.10.2012, 18:00 162


Жаңа Согра кентінде бірнеше айдан бері бірегей зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Мердігер ұйым – «Қазақстан Солар Силикон» серіктестігінің бас директоры Василий Ли келесі жазда жаңа өндіріс орнының іске кірісетінін айтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ өзі мақұлдаған бұл жоба екі кезеңнен тұрады, яғни, Өскеменде фотоэлектрлі пластиналар шығарылады, ал Астанада олардан күн қуат-тетіктері құрастырылмақ.

– Бүгінгі таңда әлемде күн батареяларын тек төрт ел ғана өндіреді, олар – АҚШ, Канада, Жапония және Қытай. Келер жылы бұлардың қатарына Қаза-қстан да қосылады, – деп атап өтті «Қазатомөндіріс» басшысы. – Ал біз бұл зауытты неліктен Өскеменде салып жатырмыз? Себебі, бұл облыспен, оның басшылығымен, атап айтқанда, Бердібек Мәшбекұлымен жұмыс істеген өте ыңғайлы. Оның үстіне мұнда білікті мамандар жеткілікті, қуат көздері мол, компанияның бөлімшесі – Үлбі металлургиялық зауыты бар. Транспорттық шығындар да көп болмайды. Пластиналарға арналған шикізат – кремний көршілес Алматы облысынан жеткізілмек.

Қазір құрылыс алаңында үш жүздей адам тынымсыз еңбек етуде. Құрылысшылар суық түскенге дейін зауыт ғимараттарының төбесін жауып үлгеруді көздеп отыр. Жыл соңында құрал-жабдықтар орнатыла бастайды. Бұл жұмыстар көктемге дейін жүргізілуі тиіс. Ары қарай алғашқы өнім шығару да алыс емес.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив