KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

RADIO ALTAY жаңалықтары - 01 қараша 2012 жыл

31.10.2012, 18:00 116


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін мүлтіксіз орындап, қайырымдылық істерімен ел алғысына бөленіп жүрген азаматтың бірі – Семей қаласындағы «АҚШЫҢ» корпорациясының президенті, облыстық мәслихаттың депутаты Марат Құрманбай. Кәсіпкер жақында еліміздің сауда кәсіпорындарының арасында ұйымдастырылған «Сауда үздігі – 2012» республикалық байқауында «Жылдың таңдаулы басшысы» аталымы бойынша бірінші орынды иеленді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Владимир Школьникпен бірге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске қосылатын бірқатар нысандарда болды. Олар Глубокое ауданы Прапорщиково ауылындағы орта мектептің жылу бекетін, сондай-ақ Жаңа Согра кентіндегі фотоэлектрлі пластиналар өндіретін зауыттың, Өскемендегі жеңіл атлетикалық манеж бен жекпе-жек сарайының құрылыстарын аралап көрді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасы елшілігі экономика бөлімінің жетекшісі және өкілетті министр-кеңесшісі Михаэль Банцхафпен кездесті. Кездесу барысында Ермек Көшербаев екі жақты байланыстың басым бағыттарына тоқталып, облыста қолға алынған қарқынды әрі ауқымды жобалар туралы мәлімет берді.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының конференциясы өтті. Жиынға партияның осы өңірдегі филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков қатысты. Басқосуда екі мәселе қаралды. Оның бірі жастар ұйымының 2020-шы жылға дейінгі атқаратын жұмыстары туралы жоба-жоспарларын пысықтау болса, екіншісі ағымдағы жылдың 16 қарашасында Елбасының қатысуымен Астанада өтеді деп жоспарланып отырған «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезіне облыстан қатысатын өкілдерді анықтау болды.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив