KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

ШҚО-ның алты шахматшысы облыс намысын қорғайды

22.10.2012, 18:00 182


Облыстық білім басқармасының ұйтқы болуымен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» және қосымша білім беру және денешынықтыру орталықтары Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да облыстық «Жас шахматшы» турнирін өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әр жастағы оқушылар арасында жеті жылдан бері өткізіліп келе жатқан жарыстың ашылуында ұлттық дәрежедегі төреші Семейхан Оқышев оның өту тәртібін түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тілесімен-ақ турнир тартысты басталып кетті. Оған облыстың жеті ауданы мен Өскемен және Семей қалаларындағы лицейлердің, әр деңгейдегі мектептердің 65 оқушысы қатысты.

Облыстағы белді шахматшылар төрелік еткен ойлылық пен алғырлық сайысында «ат тұяғын тай басар» дегендей, бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындарға ие болып жүрген Аягөз ауданындағы шахмат үйірмесінің жетекшісі Фархат Усмановтың шәкірттері тамаша нәтиже көрсетіп, өздерінің шебер екендіктерін дәлелдеді. Атап айтқанда, аталған аудандағы № 5 және №3 орта мектептердің оқушылары Мағжан Маратұлы, Аружан Сексенбаева, Жандос Мұқатаев және Арайлым Қалиасқарова ағарып алдан көрініп, бірінші орынды иеленді. Олардың қатарында сондай-ақ, Өскемендегі №38 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы Әли Ахметбек пен Зайсан ауданындағы М.Ломоносов орта мектебінің 7-сынып оқушысы Рабиана Ерланқызы да бар. Қатарластарының арасынан топ жарған бұл алты үздік халықаралық гроссмейстер Д.Сәдуақасовтың кубогы үшін қараша айында өткізілетін республикалық шахмат турниріне жолдама алды.

Ал екі күнге созылып, айналым жүйесі бойынша өткізілген жарыстың қорытындысы бойынша жас ерекшеліктеріне қарай жүлделі орындарды иеленген 36 оқушыға облыстық білім басқармасының дипломы мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив